Терідегі микроорганизмдерді көрсеткен бейнежазба – АДАСТЫРУ

#FactCheckedByMFCC | #qz04

Checked by: MFCC

Ерөнхий агуулга

Адамның терісінен алынған үлгіні  микроскоп дүрбісіне қойып, ішінде әртүрлі организм барын көрсеткен.

Баримт шалгалтын үр дүн

Аталмыш бейнежазбадағы бейне теріде ең көп кездесетін организмдерден өзгеше көрінеді.

2023.01.16| Улаанбаатар қаласы, Моңғолия2023 жылы 25 қарашада Mamochki_aktobe деген Instagram мекенжайдан “Теріде құрттың болуы қалыпты көрініс” деген түсіндірмесі бар бейнежазба жарияланды. Жазбада адамның маңдайына жапсырма жапсырып, сол жапсырма жапсырылған бөлікті микроскоппен үлкейткенде, әртүрлі организмнің бар екендігі көрсетілген.  Бұл жазба Instagram желісінде 345 лүпіл, 120 лебіз жинаған.

Жазбада көрсетілген организмдер

“Nature” журналында жарық көрген “Адам терісіндегі микробиом” атты зерттеу еңбекте біздің терімізде 1000-ға жуық түрлі микроб, зең, организмдер тіршілік ететіндігі және оларды бір-бірлеп санап, тізімдесек, бірнеше миллионға жететіндігі айтылады. Толықтыра түссек, Жаңа Зеландияның “Dermnet” атты терітануға қатысты ақпараттар  платформасында жарияланған мәліметте:
“Біздің теріміздегі организмдерді біріктіріп, жалпылама “микробиом” деп атайды. Бұлардың құрамында саны жағынан басқаларынан бактерия басым болса да, онымен қатар, зең, вирус, буын аяқты жәндіктер де өте көп болады. Терінің сыртқы беті мен түк өзектерінің төңірегінде 

  • Staphylococcus
  • Micrococcus
  • Corynebacterium
  • Brevibacterium
  • Dermabacter
  • Malasezzia қатарлы организмдер өте көп тараған. Олар теріде үнемі болады.
  1. Сонымен қатар, орта, жағдай, тағы басқа факторлардың әсерінен болып, тері үлгілерінен дүркін-дүркін анықталатын тұрақсыз организмдер де болады. Олар – көбінесе жұқтырғыш таяқша /clostridia/ бастатқан грам-оң бактериялар.

"Clostridium нян микроскопын дуранд"
Эх сурвалж: Хойд Мичиганы их сургууль, АНУ
“Clostridium бактериясы микроскоп дүрбісінде”
Дереккөзі: Солтүстік Мичиган университеті, АҚШ

2. Сондай-ақ, ылғалды ортада аcinetobacter деп аталатын грам-теріс бактериялар көбеюі мүмкін. /грам-теріс бактерияның сыртында мембрана қабықшасы болады, ал грам-оң бактерияның мембрана қабықшасы болмаса да, жасуша қабырғасы қалың болады./


”Acetinobacter”
Дереккөзі: АҚШ-тың Аурудың алдын алу және бақылау орталықтары

3. Терінің құрғақ бөліктері сыртқы ортаның әсеріне ең көп ұшырайтындықтан, онда өте көп түрлі бактерия болады. Соның ішінде стафилококк бактериясы /staphylococci/ басым болады. 


”Стафилококк”
Дереккөзі: АҚШ-тың Аурудың алдын алу және бақылау орталықтары/

4. Тері қатпарларында, яғни шынтақ, омырау асты, башпайлардың арасы, шап сияқты ылғалды жерлерде corynebacterium кездеседі.

”Corynebacterium”
Дереккөзі: АҚШ-тың Аурудың алдын алу және бақылау орталықтары

5. Бас, мойын, мұрын сияқты терінің майлы бөліктерінде тері майымен қоректенетін Cutibacteria көбейеді.


”Cutibacterium” Дереккөзі: “Antibiotics” ғылыми журналы

6. Майлы ортада Malassezzia зеңі де көп болады


”Malassezzia зеңі”
Дереккөзі: АҚШ-тың Аурудың алдын алу және бақылау орталықтары

7.


”Dermabacteraceae бактериясы”
Дереккөзі: Иранның Микроб зерттеу тобы

8. Құрт сияқты көрінетін мына жәндікті бет терісінде тіршілік ететін таскене, тіпті тереңірек айтсақ, өрмекшітәрізділер, яғни паразит, “өрмекшінің туысқаны” деуге болады. Бірақ ол адам ағзасына зиянсыз және тері майымен қоректенетіндіктен, адамның терісі екеуі бір-біріне пайдалы қарым-қатынаста болады.

”Demodex folliculorum”
Дереккөзі: Science News Explores агенттігі

Біздің теріміздегі ең жиі кездесетін организмдердің микроскоптағы көрінісі тексеріліп отырған бейнежазбадағы организмдерден өзгеше екендігін жоғарыдағы суреттерден байқауға болады.

Үлкейткішпен көру үшін алынған үлгідегі бактерия, вирус, микроорганизмдерді жасанды жолдармен арнайы түрде көбейтуге болады және осы жазбадағы Tiktok қолданушының 2 бірдей жазбасын біз бұрын тексеріп, үлгі үшін организмдерді арнайы көбейткендігін хабарлаған болатынбыз. Бұрынғы дерек тексеру барысымен осында таныса аласыздар.

Қалыпты жағдайда тауық етінен қандайбір организм өте мол мөлшерде табылмайды.

Темекі өндіру барысында тірі құрт қалатындай мүмкіндік болмайды.


Аливаа мэдээллийг хуваалцахаасаа өмнө #ЭхлээдБод #Think1st


Та бүхэн манай төвийн баримт нягталсан мэдээтэй холбоотой аливаа санал хүсэлт, залруулга хийлгэх болон бусад санал гомдлоо редакторын hello@mfcc.mn имэйл хаягаар ирүүлнэ үү.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Хуваалцах

Бид Олон Улсын Баримт Шалгагчдын Сүлжээ (International Fact-Checking Network)-ний ёс зүйн кодын дагуу аливаа мэдээллийг баримтаар баталгаажуулан шалгадаг. Баримтаар шалгасан мэдээллээ #ҮНЭН, #ХУДАЛ, #ТӨӨРӨГДҮҮЛСЭН, #БҮРЭН БУС, #ЭВЛҮҮЛЭГ, #ЕГӨӨДӨЛ гэсэн зургаан төрлөөр ангилж, олон нийтэд үнэн бодит мэдээлэл түгээн ажиллаж байна.

Check document