Дерек тексеру әрекетінің тәртібі

  • Жалпы негіз
    1. Деректерді тексеретін (фактчекинг) топ редакция түрінде жұмыс істейді.
    2. Редакцияның біріккен басшылығын редактор атқарады.
    3. Редакция түрінде жұмыс істейтіндіктен, деректерді тексеріп, нақтылағандығы жөніндегі жұмыс есебін немесе қандайбір ақпаратты жариялағанда, деректі тексерушінің аты-жөні көрсетілмеуге болады.
    4. Mongolian Fact-checking center-і (Моңғолияның деректерді тексеру орталығы) күнделікті іс-қызметін қаржыландыру үшін жеке меншік ұйымдармен іскерлік келісімшарт жасай алады. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші тарап атқарушы тараптың соңғы қорытындысына ешбір ықпал ете алмайды. Және атқарушы тарап деректің шынайылығын тексеру барысында тауып алған ақпараттарын өзінің ғаламтор парақшаларында жариялауға міндетті емес. Бұл қатынас әрбір келісімшартта анық көрсетіледі.
    5. Тексерілетін мәлімдемелерді кім жасағанына қарамастан, бірдей дереккөз деңгейінде деректерді нақтылауға бірдей стандарттар қолданылады.
    6. Mongolian Fact-checking center-і қандайбір саяси күш, саясаткер немесе жеке меншік ұйым тарапынан болатын кез келген сыртқы ықпалдан тысқары болады. Ішкі іс-қызметтің қандайбір сыртқы ықпалдан таза болуын қамтамасыз етуде ақырғы жауапкершілік редакторға жүктеледі.
    7. Mongolian Fact-checking Center-і ешбір саяси партияны, одақты, саясаткерді немесе қандай да бір саяси көзқарасты қолдамайды. Сол сияқты кез келген саяси ұстанымға қарсылық та білдірмейді. Жалпы қоғамды қамтыған дау туындаған жағдайда, тек деректің ақиқаттығына негіздеп ғана шешім қабылдайды.
    8. Mongolian Fact-checking Center-і қандайбір саяси шешім, саясат туралы ақпаратты тексеру керек болған жағдайда, орталық қызметкерлері сол ақпаратқа қатысты жеке көзқарастарын қандайбір жолмен жарияламайды. Бұл оқырмандарға деректі тексеретін ұйымның іс-қызметі тәуелсіз емес деген түсінік тудырады.


  • Тексеретін ақпаратты таңдау
    1. Mongolian Fact-checking Center-і төмендегідей мақсаттар бойынша деректерді тексеріп нақтылайды және тексеретін ақпаратты таңдағанда, ең алдымен осы мақсаттарға сай, сай еместігін ескереді.
      1. Жалған немесе қате ақпарат алу салдарынан көпшіліктің зиян шегуінің алдын алу;
      2. Халық-көпшілікке жалған ақпаратты тани білуге және өздері алып отырған кез келген ақпаратты нақтылап тексеруге қатысты таған білім беру;
      3. Жалған ақпараттың таралуын азайту және оның одан әрі таралуына жол бермеу;
    2. 2.1.1-де көрсетілген мақсатқа жету үшін, ең алдымен, көпшілік мүддесіне тікелей ықпал ететін ақпараттар таңдалынып алынып, тексеріледі. Ақпараттың бұл түрі Mongolian Fact-checking Center-інде тексеріліп нақтыланатын ақпараттардың кем дегенде 75 пайызын құрайды. Төмендегі ақпараттар халық-көпшіліктің мүддесіне тікелей әсер ететін ақпараттар болып саналады.
      1. Экономикаға, әсіресе, микроэкономикаға, отбасының және жеке адамның қаржысына әсер ететін мәселелер;
      2. Білім;
      3. Табиғи орта;
      4. Басқару және мемлекеттік қызмет
      5. Денсаулық
      6. Адам құқығы және т.б.
    3. 2.1.2-де көрсетілген мақсатты орындау үшін әлеуметтік желілерде әдеттегіден көп адамға қол жетімді болған және қоғам назарын жасанды түрде аударуы мүмкін немесе қоғам назарын басқа тақырыптардан бұру үшін жасанды түрде таратылуы мүмкін ақпараттар таңдалынып, тексеріледі. Мұндай жағдайда аталмыш ақпарат міндетті түрде 2.1.1-де көрсетілген талапқа сай болмауға болады.
    4. 2.1.3-де көрсетілген мақсаттарға жету үшін, мүмкіндігінше жалған ақпараттың ең көп тараған түрлері іріктелініп алынып, тексеріледі және осы арқылы біз жалпыға ортақ жалған ақпаратты тексеру әдісін көрсетуді мақсат етеміз. Ақпараттың мұндай түрі Mongolian Fact-checking Center-ден тексерілетін барлық ақпараттың 25 пайызынан аспайды.
    5. Mongolian Fact-checking Center-і деректерді тексеріп, көпшілікке таратқанда, мүмкіндігінше, ақпаратты тексерудің себептері мен маңыздылығын түсіндіруді мақсат етеді.
    6. Халық-көпшіліктен тексертуге келтірілген өтініштер ашық түрде қабылданып тексеріледі. Мұндайда аталмыш өтінішті жолдаушы дереккөзге де тексеру жасалады және ол саяси, іскерлік бағыттағы, белгілі бір мүддені көздейтін өтініш деп көрілсе, ондай деректі тексермеуге болады. Сондай-ақ, өтініш жолдаушы дереккөз күмәнді болған жағдайда, аталмыш дерек тексерілген болса, ол туралы ақпараттың жариялану, жарияланбауы редакцияда талқыланып, шешіледі. Аталмыш ақпарат саяси процестерге ықпал ететіндей болса және Mongolian Fact-checking Center-де оған қарсы тараптың деректерін тексеретін уақыт немесе адам қоры болмаса, ол ақпаратты жариялаудан бас тартуына болады.  эсрэг талын баримтыг нягтлан шалгах цаг хугацаа болон хүний нөөцийн боломжгүй үед мөн нийтлэхээс татгалзаж болно. Мұндай жағдайда бұл шешім өтініш жолдаушы тұлғаға міндетті түрде хабарланады.
    7. Тексерілетін ақпаратты таңдағанда, ақпараттың барлық түрін тексеру мүмкін емес екендігі қатаң ескеріледі. Тексерілмейтін ақпарат түрлеріне мыналар жатады:
      1. Жеке адамның көзқарасы
      2. Болашақта не болатынын болжап немесе елестетіп айтатын қиялдар
      3. Туындаған әрекеттер


  • Дереккөздер
  1. Mongolian Fact-checking Center-і кез келген ақпаратты растап тексерген кезде, міндетті түрде бастапқы дереккөзбен байланысады. Көрсетілген мерзімде хабарласа алмаған немесе жауап ала алмаған жағдайда, дерек тексеріліп жарияланған кезде, себеп-салдары көрсетіледі.
  2. Кез келген деректі тексерген кезде, оны растайтын немесе жоққа шығаратын ең маңызды фактілер міндетті түрде аталады. Соңғы қорытындының қалай жасалатындығына қарамастан, міндетті түрде екі тараптың да деректері енгізіледі. Мұндайда аталмыш дереккөз электронды түрде болса, міндетті түрде сілтемесі көрсетіледі.
  3. Mongolian Fact-checking Center-і бастапқы дереккөзбен міндетті түрде байланысса да, түпкілікті қорытындыда сенімді дереккөздің ақпаратына мән береді.
  4. Аталмыш дерек бастапқы және сенімді дереккөздердің ақпаратымен расталған немесе жоққа шығарылған жағдайда, ол дереккөз міндетті түрде ашық жарияланады. Тек ғана аталмыш дереккөздің жеке басының қауіпсіздігіне, экономикалық тұрғыдан кепілдендірілуіне кері ықпал ететін жағдайларда жарияламауға болады. Ол жеке қауіпсіздікке және көздің экономикалық қауіпсіздігіне кері әсер ететін жағдайларда ғана айтылмауы мүмкін. Бірақ бұл туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі, кең түрде хабарланады. 
  5. Кез келген ақпаратты жұртшылыққа алғаш рет хабарлаған тұлға негізгі дереккөз де, сенімді дереккөз де бола алмайтын болған жағдайда, оған міндетті түрде хабарласып, қосымша ақпарат алу көзделеді. Бірақ төмендегі жағдайларды ескеріп, қажет кезінде ыңғайға қарай жұмыстау керек:
    1. Ғаламтор желісінде кез келген адаммен байланысу қиын болуы мүмкін.
    2. Аталмыш дереккөз дереу жауап бермеген жағдайда, күтумен уақытты босқа өткізбеу керек.
    3. Аталмыш дереккөздің деректі тексеруді тоқтату туралы ұсынысына қарамастан, деректі тексеру ісін жалғастыру;
    4. Жеке басының қауіпсіздігі, құқықтық үйлестірулер сияқты себептерге байланысты деректі тексеруші аталмыш дереккөзбен байланыспауға болады

 

  1. Тексеруші деректі біржақты ғана ұстанып ақпарат жинау жолымен тексеруге болмайды.
  2. Сілтеме жасалынған, көрсетілген дереккөздің берген ақпараты жеке бастың мүддесіне қайшы келеді деп көрілген жағдайда дереккөздің жеке бас мүддесіне қатысты ақпарат міндетті түрде жарияланады.
  3. Көпшілікке жарияланған кез келген ақпаратты тексерген кезде, оны тек бір ғана дереккөз арқылы жоққа шығармауға немесе растамауға тырысу керек. Айтылған мәселеге қатысты ұстанымды білдіретін бір ғана дереккөз болған жағдайда, оны нақты, анық түсіндіру керек.
  4. Mongolian Fact-checking Center-і бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды пайдаланған жағдайда, бұл дереккөздердің сенімділігі, олардың өз ұстанымын білдіруге құқықтық қабілеттілігі бар, жоғы, аталмыш мәселе бойынша шешім қабылдауға құқықтық қабілеттілігі бар, жоғы сияқты факторларды ескере отырып, сенімділігіне қарай ретпен көрсетуге болады.
  • Деректерді тексеру қызметі

Mongolian Fact-checking Center-і деректерді тексеру қызметі барысында төмендегі қадамдар мен реттерді ұстанады. Сол кездегі жағдай мен деректердің ерекшелігіне байланысты кейбір қадамдарды қалыс қалдыруға болады.

  1. Аталмыш ақпаратты алғаш рет көпшілікке жария еткен дереккөзді зерттейді.
  2. Ақпараттың таралуына бағалау жасайды.
  3. Аталмыш ақпаратта мүддесі сөз болып отырған немесе аталмыш мәселе бойынша ақырғы жауапты бере алатын алғашқы дереккөзді айқындап, одан анықтама алады.
  4. Алғашқы дереккөзден алынған ақпаратты жоққа шығаратын немесе растайтындай дереккөздерді айқындап, олардан анықтама алады.
  5. Технология жетістіктерін пайдалана отырып, барлық дереккөздерден алынған ақпараттарды тексереді.
  6. Табылған дереккөздерден алынған мәліметтерді жинақтап, түпкілікті қорытынды жасауға болатындай болған жағдайда деректердің тексерілгендігі туралы жұмысесебі жазылады.
  7. Соңғы қорытындыны редакцияда талқылап, басуға әзірлейді.
  8. Аталмыш ақпарат туралы деректер тексеріліп жатқан кезде, оған қатысты жағдайлардың өзгерген, өзгермегендігі нақтыланады.
  9. Аталмыш ақпаратқа қатысты деректердің тексерілгендігі туралы жұмысесебі осы ереженің 2.1-інде көрсетілген мақсатты орындай алады деп көрілсе, ақпарат жарияланады.
  • Жеке бастың және мекеме мүддесін ашық жариялау
  1. Тексеріліп жатқан ақпараттарға қатысты мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін болған жағдайда, Mongolian Fact-checking Center-і ол туралы тексеру мәліметінде анық көрсетеді.
  2. Осы ереженің 1.4-де көрсетілуі бойынша қандайбір серіктестікпен коммерциялық мақсатта жасалған келісімшарт шеңберінде тексерілген деректер жалпыға бірдей ақпарат үшін маңызды деп танылған жағдайда жарияланады. Алайда, мұндай жағдайда, жарияланған ақпаратта аталмыш деректі тексеру ісі қайдан қаржыландырылғандығы туралы МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ашық, оңай көрінетіндей жарияланады.
  • Тыйым салынатын әрекеттер
  1. Mongolian Fact-checking Center-і деректерді тексергендігі жөнінде жұмысесебін жариялағанда, бүркеншік есім (жасырын есім) пайдаланбайды.
  2. Бір ғана дереккөзден жарияланған ақпарат бір дереккөз арқылы жоққа шығарылмайды, расталмайды.
  3. Екінші немесе үшінші дереккөзді алғашқы дереккөз ретінде түсіндіруге тыйым салынады.
  4. Аталмыш дереккөздің жеке, іскерлік немесе саяси мүдделі екендігін жасыруға тыйым салынады.
  5. Жеке адамның көзқарасына, болжамына, жеке өмірлік тәжірибесіне негізделіп, қорытынды жасалмайды.
  6. Жеке адамның көзқарасына, болжамына, жеке өмірлік тәжірибесіне негіздеп, қорытындының қандай болатынын алдын ала болжап, соған сәйкестіріп тек өз болжамын дәлелдейтін дереккөздерден ақпарат жинауға қатаң тыйым салынады.
  7. Қандай жағдайда да дереккөздің айтқан сөзі, яғни ауызша дереккөз екінші немесе үшінші дереккөз арқылы расталмай тұрып, пайдаланылмайды.
  8. Қандайбір жұмысесебі, жазбаша дереккөз, зерттеу жұмысы қатарлылардың зерттеу әдістемесіне сараптама жасалмайынша, олар пайдаланылмайды.
  9. Тілдік, стильдік тұрғыдан екі мағына беретін, өте лирикалық, оқырман психологиясына ықпал ететіндей, көңіл күйін толқытатындай әсер тудыруы мүмкін сөз, сөйлемдер пайдаланылмайды.
  • Басқа
  1. Mongolian Fact-checking Center-і байланыс ақпараттарын өзінің ғаламтор парақшасында және ресми сайтында анық, оңай көрінетіндей етіп орналастырады.
  2. Mongolian Fact-checking Center-і әрбір деректі тексеру есебінің астына түзету саясаты мен байланыс ақпаратын орналастырады.
  3. Mongolian Fact-checking Center-і жұртшылықты дерек тексертуге өтініштерін келтіруге, өздерінің іс-қызметтері жайлы пікір, тілек, шағымдарын белсенді түрде жолдап тұруларына қолдау көрсетіп, ынталандырады.
  4. Mongolian Fact-checking Center-і тұтынушыдан дерек, ақпарат тексертуге қатысты өтініш алған жағдайда, айтылған дерек тексерілетіндей мүмкіндікке ие болса және халық-көпшіліктің мүддесіне зор ықпалы бар деп көрілген жағдайда ғана тексеріліп, жарияланатындығын нақты түсіндіреді.
  5. Mongolian Fact-checking Center-і бұл ережені Халықаралық дерек тексерушілер желісінің (International Fact-checking Network) саясатына сәйкестіріп жаңартады және ұстанады.