19 наурызда Қазақстанның парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясы сол күні түнде астана уақытымен сағат 22:10-дағы жағдай бойынша, алдын-ала деректерге сай, тізімге енген азаматтардың жалпы санының 54,19%-і ғана бюллетень алғанын, яғни сонша адам дауыс бергенін айтты. Мұны бірнеше медиа бөлісіп, Қазақстан сайлау тарихындағы ең төменгі көрсеткіш екенін жазды.
Factcheck.kz редакциясы Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері өткен барлық сайлауға халықтың қатысу көрсеткішін тексеріп, оның ең төмен деңгейі 19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауында тіркелді ме деген сұраққа жауап іздеді.
Үкім: Шындық
Шынында да, 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауға халықтың қатысуы туралы алдын-ала мәліметтер ел тарихында рекордтық төмен деңгейге жетті (төмендегі инфографиканы қараңыз). Бұған ең жақын көрсеткіштер 2003, 2004 жылдары тіркелген — бұл көрсеткіш 56,4% еді. Ең көп дауыс беру (98,69%) 2014 жылы сенат сайлауы кезінде тіркелді.
Мұның алдын-ала мәлімет екенін тағы бір рет атап өтеміз. Материалды дайындау кезінде соңғы деректерді ОСК әлі жариялаған жоқ.
ИНФОГРАФИКА (https://infogram.com/yavka-1h8n6m31r7jyj4x?live)
Қызығы, мәжіліс пен мәслихаттарға дауыс беру ылғи аз, ал сенат көрсеткіштері әрқашан көп процентті көрсетеді. Президенттік сайлауға келсек, бұған сайлаушылардың ең аз қатысуы 2022 жылы — 69,44%, ал ең көбі 2015 жылғы сайлауда тіркелген. Ол жылы, ресми мәліметтерге сай, азаматтардың 95,21%-і дауыс берген.