Мона Лиза мен Леонардо да Винчидің суреті жасанды интеллектімен жасалған

#FactCheckedByMFCC | #qz05

Checked by: MFCC

Ерөнхий агуулга

“Әйгілі суретші Леонардо да Винчидің өзінің “Мона Лиза” туындысының кейіпкерімен бірге түскен суреті” деген сурет жарияланып, жоғары қаралым жинады.

Баримт шалгалтын үр дүн

Бұл суреттің жасанды интеллект арқылы жасалғандығын анық көрсететін бірнеше белгілері бар. Мәселен, көп саусақ, бет-әлпеттің симметриялы еместігі, қол, аяқтың құрылысы анық байқалмайтындығы және жасанды интеллект арқылы жасалғандығын дәлелдейтін бағдарламалар болып саналатын AI or Not, Hugging Face қатарлы құралдар суретті танып, нақты қорытынды жасай алмай отыр.

2024 жылы қаңтар айының 13-і күні фэйсбүүкте Medina Arpovna деген мекенжайдан “Әйгілі суретші Леонардо да Винчидің өзінің “Мона Лиза” туындысының кейіпкерімен бірге түскен суреті” деген сурет жарияланып, жоғары қаралым жинады. Бұл суретті Reverse image search құралы /tool/ бойынша іздеп, түсі мен ерекшеліктерін зерттеп, тексеріп көргенде, жасанды интеллект, яғни Midjourney бағдарламасы арқылы жасалуы мүмкін екендігі анықталған.

Суретті Google іздеу жүйесіндегі «сурет бойынша іздеу» функциясы арқылы іздеп көргенде, фэйсбүүктегі жасанды интеллектімен жасалған суреттерді бөлісетін Midjourney Official группасында және қаралым жинау, қалжың болдыру мақсатында Твиттер, Фэйсбүүк, Реддит қатарлыларда таратылған.

Сонымен қатар, Midjourney программасы арқылы бірдей өңді суреттермен бірге, бірдей стильдегі суреттерді де жасауға болады. Сондай-ақ, бірдей әдіс-тәсілдермен жасалған суреттердің жоғары қаралым жинаған кездері болғанын да көруге болады.

Бұл суреттің жасанды интеллект арқылы жасалғандығын анық көрсететін бірнеше белгілері бар. Мәселен, көп саусақ, бет-әлпеттің симметриялы еместігі, қол, аяқтың құрылысы анық байқалмайтындығы және жасанды интеллект арқылы жасалғандығын дәлелдейтін бағдарламалар болып саналатын AI or Not, Hugging Face қатарлы құралдар суретті танып, нақты қорытынды жасай алмай отыр.

Аталмыш суретке жақсылап зер салсақ, суреттің сол жағындағы портреттегі адамның саусақтары созылған, саусаққа ұқсамайды. Және оқырмандарға тағы бір ақпаратты ескерте кетсек, француз конструкторы Жозеф Нисефор Ньепс (Joseph Nicéphore Niépce) 1816 жылы тұңғыш рет фотоаппарат құрастырып, оның 1826 жылы түсірген суреті бүгінге дейін әлемдегі ең алғашқы фотосурет ретінде сақталып келеді. Ал Леонарда да Винчи алғашқы фотоаппарат шыққаннан 300-дей жыл бұрын өмір сүрген, яғни 1519 жылы 67 жасында қайтыс болған.


Аливаа мэдээллийг хуваалцахаасаа өмнө #ЭхлээдБод #Think1st


Та бүхэн манай төвийн баримт нягталсан мэдээтэй холбоотой аливаа санал хүсэлт, залруулга хийлгэх болон бусад санал гомдлоо редакторын hello@mfcc.mn имэйл хаягаар ирүүлнэ үү.

Тексерілген ақпарат

Дереккөздер:

Тексерілген ақпаратта пайдаланылған суретті Google іздеу жүйесінен сурет бойынша іздегенде, табылған нәтижелер 

Жасанды интеллектімен жасалған суреттерді бөлісетін Midjourney Official фэйсбүүк группасы

Тексерілген суреттің Фэйсбүүкте таралуы 

Тексерілген суреттің Твиттерде таралуы 

Тексерілген суреттің Реддитте таралуы 

PetaPixel “Викторияның кезінде ешқашан болмаған адамдар: Бұл портретті жасанды интеллект жасады” 

Snopes “Бұл суретте тарихтағы ең үлкен жылқы көрсетілген бе?

Жасанды интеллектімен жасалған суреттерді тексеретін AI or Not программасы

Жасанды интеллектімен жасалған суреттерді тексеретін Hugging Face программасы

Британника” энциклопедиясының вэб сайтындағы Жозеф Нисефор Ньепстің өмірбаяны 

USA TODAY ”Камера қашан пайда болды?” Камераны 1816 жылы француздар жасады деп көреді. 

Британника” энциклопедиясының вэб сайтындағы Леонардо да Винчидің өмірбаяны 

Мұрағатталған нұсқасы 

Leave a Reply

Сэтгэгдэл үлдээх

Хуваалцах

Бид Олон Улсын Баримт Шалгагчдын Сүлжээ (International Fact-Checking Network)-ний ёс зүйн кодын дагуу аливаа мэдээллийг баримтаар баталгаажуулан шалгадаг. Баримтаар шалгасан мэдээллээ #ҮНЭН, #ХУДАЛ, #ТӨӨРӨГДҮҮЛСЭН, #БҮРЭН БУС, #ЭВЛҮҮЛЭГ, #ЕГӨӨДӨЛ гэсэн зургаан төрлөөр ангилж, олон нийтэд үнэн бодит мэдээлэл түгээн ажиллаж байна.

Check document