2023 жылдың 9 қазанында Instagram қолданушысы Ольга Шанталь торға қамалған балалардың бейнежазбасын жариялады. 30 секундқа созылған бейнежазбада бес бала ұсталып, ер адамның күлгені естіледі. Бұл бейнежазба 7 қазанда басталған Израиль-Хамас соғысынан кейін әлеуметтік желіде тараған. Орыс тіліндегі бейнежазбаның сипаттамасында балалардың өліп, азап шегіп жатқаны атап өтіледі: “Умирают дети… В мире сегодня происходят ужасные события, практически в каждом уголке планеты и пока взрослые дядьки мерятся яйцами, страдают невинные дети” деп атап өтіледі.
Бейнеролик соғысқа байланысты көптеген елдерде таратылды және көптеген дерек тексеретін ұйымдар оның соғысқа дейін жасалғанына назар аударды.
Нақтырақ айтқанда, израильдік жалған ақпаратқа қарсы «FakeReporter» ұйымы 9 қазанда балалардың ұсталғаны туралы бейнежазбаны соғыс басталардан бұрын, кем дегенде 4 күн бұрын @user6903068251281 аккаунты бар TikTok қолданушысы жариялағанын хабарлады.
Оның бейнесіндегі балалар соғыс салдарынан түрмеге түскен израильдік немесе палестиналық балалар екені туралы жалған ақпарат тарады, ал 8 қазанда бастапқыда бейне жариялаған TikTok пайдаланушысы бейнеге түзету жариялады. Ол бейнежазбадағы балалардың израильдік балалар емес, туыстарының балалары екенін, бейнежазбаның соғыс басталған 7 қазанға 3 күн қалғанда түсірілгенін түсіндірді.
Араб тіліндегі дерек тексеруші Мисбар ұйымында сипатталған қолданушының Тиктокта жариялаған басқа жазбаларына қарап Газада тұратындығы анықталған. Бейнежазбаны жариялаған адамның Газада тұратыны рас болса да бейнежазбадағы балалар қандай бір жағдаймен қамалмағандығын, қолданушының келесі жазбаларында әлгі балалар қалыпты өмір сүріп жатқандығы бейнеленгенін Maldita және Myth Detector сияқты дерек тексеруші ұйымдар мәлімдеген.