Әдеп қағидалары

 

“Дерек тексерушілердің халықаралық желісінің” ұстанатын бес қағидасы

 

1-қағида: Партиядан тыс және тең, әділетті болу принципі

Тексерілетін ақпаратты таңдағанда, бірдей талаптар қойылады. Деректі тексеру барысында, қайбір жақты ұстануға тыйым салынады. Тексеру үшін кез келген ақпаратты таңдаған кезде, оның көпшілікке таралуы мен ақпараттың маңыздылығы ескеріледі. Тексеріліп жатқан тақырыпқа байланысты мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін болса, ол ашық, жариялы түрде хабарланады. Әрбір ақпаратты тексергенде, бірдей стандарт басшылыққа алынып, тек дерекке негізделіп қорытынды жасалады. Тексерілетін ақпаратқа қатысты саяси көзқарас білдірілмейді, қолдау көрсетілмейді.

 

2-қағида: Дереккөздерді ашық жариялау стандартын ұстану принципі

Дереккөзді көпшілікке жария еткеннен болып, аталған дереккөздің қауіпсіздігіне қатер төнуден басқа жағдайларда, дерек тексеруші дереккөздерді ашық жариялайды. Бұл қабылдаушы жұртшылықтың деректерді тексеру процесін қайталауына, деректерді өз бетінше тексеріп үйренуіне және дерек тексерушілердің қызметін қайта тексеруіне негіз болады. Дереккөздерді ашық жариялау жеке бастың қауіпсіздігіне кері әсер ететін жағдайда, дерек тексеруші мүмкіндігінше толық мәлімет беруге тырысады. Мүмкіндік болған кезде, алғашқы дереккөзге міндетті түрде хабарласады. Кез келген дереккөзбен тікелей салыстырып, кепілдендіретін екінші дереккөзді міндетті түрде пайдаланады. Келтірілген дереккөздердің жеке мүдделері тексерілетін ақпаратқа қатысты болуы мүмкін барлық жағдайда дереккөздердің мүдделерін анықтауға тура келеді.

 

3-қағида: Ұйым және қаржыландыру көздері туралы ақпаратты ашық жариялау принципі

Дерек тексеруші өзінің қаржыландыру көздерін ашық көрсетеді. Қаржыландыруды басқа ұйымдардан алған жағдайда, қаржыландырушының деректі тексеру қорытындысына қандайбір ықпалы болмайтындығы кепілдендіріледі. Дерек тексеруші ұйым өзінің ғаламтор парақшасында дерек тексеруші болып жұмыс істейтін барлық қызметкерлерінің бұрын атқарған лауазымдары туралы ақпаратты ашық жариялайды. Сондай-ақ, ұйымның құрылымы туралы айтылғанда, редакцияның қызметіне қатысты түпкілікті шешімдерді қабылдайтын тұлға нақты, анық көрсетіледі. Деректің тексерілгендігі туралы ақпаратты жариялауға қатысты түпкілікті шешімді редакцияның басқарма тобы қабылдаған жағдайда, дерек тексеруші қызметкерлердің аты-жөнін жеке-жеке жарияламауға болады. Тұтынушылардың редакциямен қалай байланысу керектігі анық көрсетілген.

 

4-қағида: Әдістемені ашық жариялау, біріккен стандарт ұстану принципі

Дерек тексеруші жоғары деңгейдегі стандартты ұстанып, тексерілетін деректерді таңдау, зерттеу, жұмысесебін жазу және жариялауда қолданатын әдістемесін түсіндіреді. Деректерді тексеруге қатысты тұтынушылардан келетін өтініштерді қабылдауда белсенділік танытады және кез келген ақпаратты не үшін, қалай тексеруге болатындығын ашық жариялайды.

 

5-қағида: Ашық және әділ түзету принципі

Деректерді тексеруші қандайбір қателік шығармай жұмыстауға тырысады. Олар өздерінің түзету саясатын көпшілікке жақсы насихаттап таныстырумен қатар, оны әділетті түрде ұстанады. Міндетті түрде түзетуді қажет ететін қате жіберілгендігі дәлелденген жағдайда, оған түзету саясаты бойынша ашық түрде түзету енгізіп, тұтынушыларға дұрыс нұсқаны жеткізу үшін, барлық мүмкіндікті қолданады. Дерек тексеруші баспасөз-ақпарат компаниясының қол астында, дерек тексеруші бірлік (бөлімше) деңгейінде іс-қызмет жүргізетін болса, бас компанияның өзіндік түзету саясаты болуы керек және оны ұстануды талап етуі керек.