Түзету енгізу саясаты

Mongolian Fact-checking Center-і кез келген ақпаратқа қатысты деректердің растығын анықтап, таратпас бұрын, дерек бойынша қандайбір қателік жібермеуді, қоғамда екіұшты ұғым тудыратын стильдік, тілдік нормаларды қолданбауды “Дерек тексеру қызметінің тәртібіне” сай үйлестіріп, іс-қызмет барысында ұстанады. Біз қателік жіберу қаупін азайту үшін, іс-қызметімізді редакциялық әдіспен жүргіземіз. Алайда, дерек тексеру қызметінде қолданылатын автоматтандыруда ақаулар болуы мүмкін (Бұл жаңарту MFCC-і IFCN-нің кепілдендіруімен дерек тексеру орталығына айналып, іс-қызмет жүргізу барысында, ақпараттарды нақтылауға арналған кейбір тексеру құралдарын пайдалануда арнайы құқықтарға ие болуына байланысты, 2021 жылдың шілде айында жасалды) және дерек тексерушінің жұмысында қателіктер болу ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Сондықтан «Дерек тексерушілердің халықаралық желісі» талаптарына сәйкес келетін ашық түзету саясатын ұстанады. Сондай-ақ, Meta компаниясының ресми түрдегі дерек тексеретін бейтарап ұйымы ретінде жұмыс істей бастағандықтан, Facebook, Instagram платформаларында таралған ақпараттарға түзету жасау ережелерін қосып, 2022 жылдың шілдесінде Түзету саясатын жаңартты. Жаңартылған тәртіп бойынша: Имейл немесе facebook, Instagram платформаларының “апелляция” (appeal) мәзірі арқылы тұтынушыдан жарияланған дерек тексеру есебін қайтадан тексерту туралы өтініш келген жағдайда, шағым жолданғаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде қабылданғаны туралы шағым иесіне хабарланады. Жарияланған деректерді тексеру есебін қайтадан тексерту туралы өтініш қабылданғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шешіледі. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін, дерек тексеру есебін қайтадан тексерту шағымы берілген кезде пайдаланылатын үлгілер Meta компаниясында алдын ала әзірленеді және оларды осы сілтемеден жүктеп алып, тура пайдалануға болады. Сондай-ақ, «апелляция» функциясын егжей-тегжейлі сипаттайтын нұсқаулармен осы жерде таныса аласыз. Кез келген ақпаратқа қатысты деректерді тексеріп, жариялағанда, төмендегі себептерден болып қателіктер кетуі мүмкін:

  1. Маңызды деректер әдейі немесе кездейсоқ жағдайда қалыс қалған.
  2. Әдейі немесе кездейсоқ жағдайда шектен тыс бір жақты ұстанған және эмоцияға беріліп, бір жаққа қатысты мәліметтерді басым жинаған.
  3. Деректер толық жинақталып, қатесіз баяндалғанымен, сөйлемдердің теріс құрылуынан, сөздердің дұрыс қолданылмауынан болып, екіұшты мағына берілген.
  4. Мүлдем жаңа деректер жария болған немесе жағдай өзгеріп, жаңа жағдай туындаған.

Бұл түзету саясаты алғашқы 3 жағдайға қатысты болады және 4-нөмірде көрсетілген фактор қате емес, ЖАҢАРТУ болып саналады. Біз ТҮЗЕТУ енгізуге қатысты төмендегі саясатты ұстанамыз:

  1. Mongolian Fact-checking center-і таратқан ақпарат толық немесе ішінара шындықтан бұрмаланған, стильдік, тілдік тиімсіз қрлданыстардан болып, халыққа екіұшты ұғым тудыратындай күмәнді немесе маңызды деректі әдейі және кездейсоқ жағдайда қалыс қалдырған, жеткіліксіз тексерілгені дәлелдер арқылы дәлелденген жағдайда, аталмыш ақпараттың таралуы дереу тоқтатылады, деректер «Дерек тексеру қызметінің тәртібі» бойынша қайта тексеріліп, шын, дұрыс нұсқасы жарияланады.
  2. Шынайы және дұрыс нұсқасы жариялағанда, бұрын жарияланған қателері бар нұсқаға сілтеме жасалып, жаңадан енген өзгерістер мен түзетулер ақпараттың басында анық көрінетіндей етіп жарияланады.
  3. Mongolian Fact-checking center-і қандай жағдайда болмасын, кез келген жарияланған ақпаратты өшірмеу саясатын ұстанады. Дегенмен, жарияланған қате ақпарат жалғасып, басқаларға да қате ұғым тудырмас үшін, тарату тоқтатылып, сайт немесе онлайн желіде тек түзетуімен бірге оқылатындай етіп жарияланады.
  4. Түзетуді, ең кемінде, қате ақпарат таратылған деңгейде, әйтпесе, одан барынша артық, кең ауқымда тарату үшін, редакция барлық қажетті шараларды қабылдайды.
  5. Редакция түзетулерді өз бастамасы мен халықтан келіп түскен өтініш, ұсыныс, шағымдарға сүйене отырып, «Дерек тексеру қызметінің тәртібі» бойынша, жаңадан табылған деректерді тексеру негізінде жасайды.
  6. Халықтан кез келген деректің тексерілгендігі туралы ақпаратты нақтылауға өтініш келсе, ол қабылданады және тәртіп бойынша тексеріледі. Және тексеру нәтижесінде аталмыш деректі тексеру туралы ақпарат қатесіз, рас екендігі дәлелденсе, оны жариялап, халыққа жеткізбей-ақ қоюға болады. Бірақ нәтижені өтініш жолдаған тұлғаның өзіне жеке таныстыру міндеті жүктеледі.

Нақты жағдайдың өзгеруіне немесе жаңа жағдайдың туындауына байланысты бұрын жарияланған деректі тексеру теріс, қате немесе екіұшты ұғым тудыратындай болған жағдайда, бұл тәртіп бойынша емес, «Дерек тексеру қызметінің тәртібі» бойынша шешім қабылданып, аталмыш ақпарат ЖАҢАРТЫЛДЫ деп есептеледі (Ережелердің толық нұсқасын «Дерек тексеру қызметінің тәртіп ережелері» бөлімінен қараңыз). Сіздер біздің орталықтың дерек тексеруіне қатысты кез келген пікір, өтініш, түзетулеріңізді немесе басқа шағымдарыңызды редактордың hello@mfcc.mn appleals@mfcc.mn электрондық поштасына жібере аласыздар.