2024 жылы қаңтар айының 13-і күні фэйсбүүкте Medina Arpovna деген мекенжайдан “Әйгілі суретші Леонардо да Винчидің өзінің “Мона Лиза” туындысының кейіпкерімен бірге түскен суреті” деген сурет жарияланып, жоғары қаралым жинады. Бұл суретті Reverse image search құралы /tool/ бойынша іздеп, түсі мен ерекшеліктерін зерттеп, тексеріп көргенде, жасанды интеллект, яғни Midjourney бағдарламасы арқылы жасалуы мүмкін екендігі анықталған.
Суретті Google іздеу жүйесіндегі «сурет бойынша іздеу» функциясы арқылы іздеп көргенде, фэйсбүүктегі жасанды интеллектімен жасалған суреттерді бөлісетін Midjourney Official группасында және қаралым жинау, қалжың болдыру мақсатында Твиттер, Фэйсбүүк, Реддит қатарлыларда таратылған.
Сонымен қатар, Midjourney программасы арқылы бірдей өңді суреттермен бірге, бірдей стильдегі суреттерді де жасауға болады. Сондай-ақ, бірдей әдіс-тәсілдермен жасалған суреттердің жоғары қаралым жинаған кездері болғанын да көруге болады.
Бұл суреттің жасанды интеллект арқылы жасалғандығын анық көрсететін бірнеше белгілері бар. Мәселен, көп саусақ, бет-әлпеттің симметриялы еместігі, қол, аяқтың құрылысы анық байқалмайтындығы және жасанды интеллект арқылы жасалғандығын дәлелдейтін бағдарламалар болып саналатын AI or Not, Hugging Face қатарлы құралдар суретті танып, нақты қорытынды жасай алмай отыр.
Аталмыш суретке жақсылап зер салсақ, суреттің сол жағындағы портреттегі адамның саусақтары созылған, саусаққа ұқсамайды. Және оқырмандарға тағы бір ақпаратты ескерте кетсек, француз конструкторы Жозеф Нисефор Ньепс (Joseph Nicéphore Niépce) 1816 жылы тұңғыш рет фотоаппарат құрастырып, оның 1826 жылы түсірген суреті бүгінге дейін әлемдегі ең алғашқы фотосурет ретінде сақталып келеді. Ал Леонарда да Винчи алғашқы фотоаппарат шыққаннан 300-дей жыл бұрын өмір сүрген, яғни 1519 жылы 67 жасында қайтыс болған.